Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин қайта күшейтіледі ме? Бас санитар дәрігер пікір білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында карантин күшейтілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы карантин

Соңғы аптада тіркелген науқастардың 30%-ы Алматы мен елорда тұрғындары екен. Десек те қалалардағы індеттің өсімі 7%-дан аспайтын көрінеді. Егер одан артып кетсе, мегаполистердің әкімдігі карантин режимін қайта күшейтпек. 

«Жұым істеп жатған мекемелерге бақылау жүргізетін ұйым олардың 53%-ы карантин шарттарын бұзғандарын анықтаған», — дейді бас санитар дәрігер. 

Сөзінше, карантин режимінің қатаңдауына тек аурудың өсімі ғана емес, бұған қоса бір адамның басқаларына инфекцияны таратуы, ережелердің сақталмауы әсер етеді екен. 

«Біз елдегі жәні аймақтардағы жағдайды бөлек-бөлек саралап отырмыз. Тепе-теңдік сақталса, карантин күшейтілмейді. Егер ахуал қайта өршіп кетсе, әрине, карантин талаптары қатаңдайды», — деді Есмағамбетова. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес Нұр-Сұлтанда 2 478 адам коронавирус жұқтырса, Алматыда 2 882 науқас тіркелген. Індеттің бір күндік таралу көрсеткіші, сәйкесінше, 1%-ды және 1,1%-ды құраған. 

 

stan.kz