Алматы марафонында қайтыс болған азамат Қазақстандағы ірі компаниялардың директоры болып шықты

0

«Almaty Marathon»-да қайтыс болған азаматтың «Самұрық-Энерго» мен QazaqGaz-дың тәуелсіз директоры Рүстем Садықов екені анықталды. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Энерго»АҚ-ның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып сайты хабарлады.

Алматыда спорттық жарысқа қатысу үшін 47 жастағы ер адам келді. 10 шақырым қашықтықта мәреге жетіп, кенет құлады. Жарысқа қатысқан еріктілер мен қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсетті. Бірақ бәрі сәтсіз болды. Рүстем Садықов жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

—  Рустем Галимович табысты еңбек жолынан өтті, жоғары білімді тамаша кәсіпқой болды, халықаралық компанияларда жұмыс тәжірибесі болды. Әріптестерінің есінде ол өзіне сенімді көшбасшы және адал қызметкер болып мәңгі қалады. Оның орны қаңырап, бос қалды»,-деді Рүстем Садықовтың туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатында «Самұрық-Қазына » қорының ұжымы.

Фото: baigenews.kz