Алматы марафонында орын алған оқиға: тағы үш белсенді жауапқа тартылды — Қазақстан жаңалықтары
21 сәуірде Алматыдағы марафонда орын алған оқиғаға байланысты тағы үш белсенді жауапқа тартылды. Тіпті, оларға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 488-бабының бірінші тармағындағы «Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы заңды бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді олардың ісі сотқа жіберіледі.
Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Алматы қаласы полиция бөлімінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеп.
21 сәуірде «Алматы марафоны» кезінде «Шындықтан құтыла алмайсың», «менде таңдау бар», #ADILSAILAYUSHIN деген жазу жазылған плакаттардың жанында басқа белсенділермен бірге болған Сүйінбік Сүлейменова, Айгүл және Айдос Нұрболатовтар туралы айтады болып отыр. Полиция плакаттағы сөздерді спорттық іс-шараның тақырыбына қатысы жоқ деп қарастырды.
Полиция бөлімінің ресми өкілі сондай-ақ, Алматы марафонында тұтқындалған Асия Түлесова мен Бейбарыс Толыбеков есімді белсенділерге де қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, 21 сәуірде құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтілген тәртіпте қамтамасыз етті.
«Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында бір топ адам анықталды. Жүгіру жолағына адамдар жүгіріп шыққанда олар жарыс қатысушыларының қозғалысына кедергі келтіріп, суретке түсіргілері келді. Бұл соқтығысқа әкелуі мүмкін еді», — деді Әзірбек.
Ол белсенділердің полиция қызметкерлерінің жарыс қатысушыларына кедергі келтірмеу туралы талабына бағынбай, құжаттарын көрсетуден бас тартқандарын айтты. Олардың жеке басын анықтау үшін полицейлер белсенділерді Бостандық ауданының полиция бөліміне алып кетті.
Ал сот марафонда тұтқындалған Асия Түлесова мен Бейбарыс Толыбековты қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 488-бабының бірінші тармағындағы «Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы заңды бұзу» бабы бойынша кінәлі деп тапты. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты белсенділерді 15 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды.
Дүйсенбі, 22 сәуірде, Алматы қалалық сотының ғимаратына белсенділерді қолдау үшін 10-ға тарта азамат келді. Ал, 15 күнге қамауға алынған Асия Түлесова анасы Жанар Жандосова сотқа келіп, адвокатымен бірге үкімді апелляцияға берді. Белсендінің анасы әкімшілік соттың шешімін әділетсіз деп санайды және оған шағымдануға ниетті.
stan.kz