Алматы маңынды қарт адамды көлік қағып өлтірді

0

Жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды, полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 27 қаңтар — Sputnik. Бір адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы Гүлдала ауылына жетпей Құлжа даңғыл жолында болды.

Audi-100 автомобилі солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Жол-көлік оқиғасында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған қарт адам ажал құшты.

Жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.


©
Sputnik /

Құлжа даңғыл жолында қарияны көлік қағып өлтірді

Дәл қазір оқиға болған жерде полиция қызметкерлері, криминалистер және анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.


©
Sputnik /

Жол-көлік оқиғасында ер адам көз жұмды

Полиция қызметкерлері өз кезектерінде марқұмның кім екенін анықтау шараларын жүргізіп жатыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/