Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Әзірге ұшақ апатынан мерт болған тек жеті адамның кім екені анықталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті жолаушылар ұшағы апатынан қаза болғандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әзірге мерт болған жеті адамның кім екені анықталған.

Қаза тапқандар тізімі:

1. Николой Астанов, 1971 жылы туған;

2. Р. Хайдаров, 1940 ж;

3. Бауыржан Қалиев, 1974 ж;

4. Базархан Кәрібаев, 1974 ж;

5. Марат Мұратбаев, 1961 ж;

6. Абай Нұрбаев, 1982 ж.

7. А. Исина.

Атап өтсек, қайғылы оқиға бүгін таңғы 07:22-де болды. «Бэк Эйр» әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй секторына соғылды.

Ұшақ «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша ұшып шыққан. Әуе кемесі екі қабатты ғимаратқа құлады. Өрт шыққан жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша апат 14 адамның өмірін қиды. Ұшақта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды.

Президенттің тапсырмасымен премьер-министр басқаратын комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады.

Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті.

Fokker 100 ұшақтарын пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Жедел қызмет штабы құрылып, шұғыл желі жұмыс істеп тұр: 8 (7172) 53-32-84, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті – 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18;  Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД –  8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтты.



sputniknews.kz