Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1406 0 0

Әзірге ұшақ апатынан мерт болған тек жеті адамның кім екені анықталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті жолаушылар ұшағы апатынан қаза болғандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әзірге мерт болған жеті адамның кім екені анықталған.

Қаза тапқандар тізімі:

1. Николой Астанов, 1971 жылы туған;

2. Р. Хайдаров, 1940 ж;

3. Бауыржан Қалиев, 1974 ж;

4. Базархан Кәрібаев, 1974 ж;

5. Марат Мұратбаев, 1961 ж;

6. Абай Нұрбаев, 1982 ж.

7. А. Исина.

Тағы оқыңыз: Ұшақ апатынан мерт болғандар саны 14 адамға жетті — Алматы әкімдігі

Атап өтсек, қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 07:22-де болды. «Бэк Эйр» әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй секторына соғылды.

Ұшақ «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша ұшып шыққан. Әуе кемесі екі қабатты ғимаратқа құлады. Өрт шыққан жоқ.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 14 адамның өмірін қиды. Ұшақта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады.

Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен басқа да мемлекеттік орган өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті.

Бұған қоса, Fokker 100 ұшақтарын пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Жедел қызмет штабы құрылып, шұғыл желі жұмыс істеп тұр: 8 (7172) 53-32-84, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті – 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18, Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД –  8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтты.



sputniknews.kz