Алматы маңындағы тойда мылтық атқандар іздестіріліп жатыр

0

Әлеуметтік желіде көлікте отырып аспанға оқ атқан азаматтардың бейнежазбасы тарады. Олардың қатарында танымал алматылық блогер Заир Рзаев та бар. Бейнероликтен оқиға орнындағы адамдардың тойға жиналғанын байқауға болады.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.

— Алматы облысының полициясы құқық бұзушылардың жеке басын анықтау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізіп жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылады, — деп хабарайды департамент баспасөз қызметі.