Алматы маңында жер сілкінді

0

Қытайдың солтүстік-батысында Қазақстанмен арадағы шекара жанында жер сілкінді, шамамен бір сағаттан кейін жер асты дүмпулері Алматыдан 29 километр жерде тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Қазақстанның сейсмикалық станциялар желісі екі жер сілкінісін тіркеді.

Республикалық сейсмологиялық бақылау желісінің хабарлауынша, Қазақстанда жер дүмпулері Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:29-да (Гринвич уақыты бойынша 05:29) сезілді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 283 километр жерде Қытайда болған.

45 минуттан соң сағат 12:14-те жер сілкінісі Қазақстан аумағында, Алматыдан 29 километр жерде тіркелді.

«Жел сілкінісінің қуаты – 8.2, тереңдігі -15 километр. Магнитудасы – MPV 3.6. Қаншалықты сезілгені туралы ақпарат жоқ», – деп хабарлады Қазақстанның сейсмикалық станциялар орталығындағылар.

Тағы оқыңыз: Қытайда бірнеше қуатты жер сілкінісі болды – видео



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз