Алматы маңында кезекті рет жер сілкінді

0
60

Қазақстандық сейсмикалық стансалары Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді. Оның магнитудасы 3,7 жеткен.

18 сәуір Алматы уақытымен сағат 4:03-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі ошағы Алматының солтүстік-батысынан 181 шақырым аумақта Қазақстан территориясында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,5.

Магнитудасы MPV 3,7, – делінген Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету