Алматы маңында бір түнде алты жер сілкінісі болды

0

Алматыдан 275 шақырым жерде Қытайда жерасты дүмпулері тағы тіркелді. Бұл өткен түнде Қазақстан маңында болған алтыншы жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция деректеріне сілтеме жасап.

«Сейсмикалық станциялар желісі 25 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07:43-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан», — делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV — 5,5. Тереңдігі — 15 шақырым.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.