Алматы маңында ашулы тұрғындар Талғар тасжолын жауып тастады (видео)

0

Алматы маңында тұрғын үй кешенінің тұрғындары «Алматы-Талғар» автожолын жауып тастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 11 шілдеде Алматы облысы Бесағаш кентінің аумағында болған. «Нұрия» тұрғын үй кешенінің жүзге жуық тұрғыны судың жоқтығынан «Алматы-Талғар» автожолын жауып тастады. Оқиға кадрлары әлеуметтік желілерде жарияланды.

Видеодан тұрғындардың қандай да бір ведомство өкілімен эмоционалды түрде сөйлесіп жатқанын көруге болады. Соңғы сөйлеген адам ауыз судың болмауы құбырдың бір күн бұрын төрт рет жарылуынан дейді. Тұрғындарға апат салдары жойылып, жақын арада пәтерлерге су берілетіні айтылды.

Полиция мәліметінше, оқиға Алматы облысы Бесағаш кентінде сағат шамамен 22:58-де болған. Алматы-Талғар автожолын 80-ге жуық адам жауып тастады.

«Тұрғында ауыз судың жоқтығына наразы болды. Жергілікті атқарушы органдар жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына жеткен Талғар АІІБ патрульдік полиция қызметкерлері жиналған адамдардан үйіне тарап, қозғалысқа кедергі келтірмеуін сұрады. Осыдан кейін тұрғындар қайтты, қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ», — деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.