Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағын тергеу жұмыстары аяқталды

0
69

Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының ұшағына қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Bek Air апатын тергеу жұмыстары аяқталды. Жақын күндері нәтижелері жарияланатын болады», — деді министр.

2021 жылдың 27 желтоқсанында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тергеу туралы есеп жобасының бекітуге жіберілгенін айтқан болатын. Оның мерзімі 60 күнтізбелік күн ішінде болуы керек еді.

Жауапты бөлім апаттың себебін анықтау үшін тергеуді кейінге қалдырудың маңызды факторы коронавирус себебінен енгізілген шектеу шаралары екенін атап өтті.

«Шектеулер әуе апаттары мен оқыс оқиғаларды зерттеу департаментінің, сондай-ақ оған қатысқан шетелдік әріптестердің жұмысына айтарлықтай әсер етті. Нидерланд Корольдігінің Қауіпсіздік бюросы 2021 жылдың қазан айында комиссия бөлшектеп, оларға жіберген ұшақтың тірек беттерінің элементтерін зерттеу нәтижелерін ұсынды», — деді индустрия министрлігі.