Алматы көшесін ыстық су басты – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Төтенше жағдайға құбырдың жарылуы себеп болған. Әбден тозығы жеткен құбыр 48 жылдан бері қолданылған

АЛМАТЫ, 14 қазан — Sputnik. Алматыда ыстық су құбырының жарылуы салдарынан көше мен бірнеше көлік су астында қалды. Көліктердің ішінде адамдар болған. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер жоқ.

Апат түскі сағат бір кезінде Райымбек даңғылы мен Бөкейхан көшелерінің қиылысында болған.

Алматы қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жылуэнергия кешенінің ресми өкілі Ян Гириннің айтуынша, апатқа 700 миллиметрлік құбырдың тозуы себеп болған. Ол 1971 жылы қолданысқа берілген.

«Төтенше жағдай салдарынан көше мен бес көлік су астында қалды. Ешкім айтарлықтай зардап шеккен жоқ. Ер адам ыстық суға күйіп қалды деп ойлаған болатынбыз. Алайда дәрігерлер тексерген соң, ол ауруханаға барудан бас тартты», —  деді Ян Гирин Sputnik Қазақстан-ға.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 55 көппәтерлі тұрғын үй, 152 жер үй, 1 лицей, 1 аурухана мен тағы 129 нысан ыстық сусыз қалды.

 



sputniknews.kz