Алматы көшелерінен екі жасар бала табылды: Полиция бөбектің анасын іздеп жатыр

0

Алматы қаласының полиция қызметкерлері түнде мегаполис көшелерінен табылған баланың анасын іздеп жатыр.

Табылған бала туралы ақпарат «Lider.kz» еріктілер қозғалысының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды. Жазбада баланың 19 сәуір күні «Солтүстік айналым» тас жолы бойындағы «Рыжий красавчик»кафесінің жанынан табылғаны және жасының екіде екіндіг айтылған.

Сонымен қатар, бөбектің суреті де жария етілді. Ал қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұл баланы 20 сәуірге қараған түні аялдамадан ер адам тауып алғанын мәлімдеді.

Ол жалғыз қалған баланы үйіне апарып, жуындырып, киімін ауыстырып, тамақтандырған. Ведомсвто мәліметінше, келесі күні полицияға келіп жағдайды хабарлаған. Тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырып, бөбекті медициналық тексеруден өткізу үшін №2 балалар клиникалық ауруханасына жеткізді.

Қазір ол ауруханада.

«Ювеналды полиция бөлімі мен Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі жасар баланың анасын іздеуде. Қазіргі уақытта оның аты-жөні белгілі болды. Оның екі баласы бар. Алатау ауданының полиция басқармасының мәліметінше, әйел осы баласын бірнеше рет тастап кеткен. Қазір оның тұрып жатқан жерін анықтаумен айналысып жатырмыз. Заңға сәйкес шара қолданыады», — деп хабарлады полициядан. Бала «мама» деген сөзден басқа ештеңе айтпайды.