Алматы іргесінде қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Алматы облысы Қарасай ауданындағы Әйтей ауылынан жеті шақырым жердегі қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Өрт 16 мамырда түнгі 2.00-де басталған. Бұл туралы Азаттыққа Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Ерлан Қылышбаев хабарлады. Оның сөзінше, өрт 1 гектар аумаққа тараған. Қылышбаевтың сөзінше, өртеніп жатқан полигон аумағына техника құм сеуіп жатыр.
Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет «өрттен зардап шеккендер жоқ» деп хабарлады.
Жаңалық толықтырылады.