Алматы – ғылым ордасы | «Айқын» газеті

0

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Алматыға сапар жасады. Ол мегаполиске келген бойда жас ғалымдармен кездесті. Сонымен бірге, қаланың туристік әлеуетінің дамуымен танысу мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық нысандарға барды.

Биылғы қараша айында Ба­луан Шолақ атындағы спорт сарайында ашылған Visit Almaty туристік ха­бын аралау кезінде Үкімет жетек­шісіне консультация орталығында әр туристің барлық қажетті ақпа­ратты – карталарды, жолнұсқа­ғыш­тарды, тау бағ­дар­ларының атла­сын, туропе­ра­тор­лардың бро­шю­ра­ла­рын, мәде­ни-бұқаралық шаралар­дың аң­­­дат­паларын және басқала­рын ала алатыны баян­далды. Бұдан басқа консультанттар түрлі мә­се­лелерді, заңдарға және ден­сау­лыққа қатысты шұғыл мә­се­ле­лерден бас­тап, логистикалық, мы­­салы, «қай жерде тамақ ішіп, Көк­­­төбеге қалай жетуге болады?» де­­­ген сұ­раққа жауап беріп, көмек көр­­­сете алады. 11 айда орталықтан 25,2 мың­нан астам турист кеңес алған.
Қала әкімінің орынбасары Е.Әукеновтің айтуынша, Алма­тыда туристер саны биыл өткен жылмен салыстырғанда, 11%-ға артқан. Қазақстанға келетін шетелдік туристердің жартысына жуығы, 43,6 пайызы Алатау бөк­теріндегі шаһарды бетке алады. 2018 жылдың ІІ тоқсанында Алма­тыға 503 мың турист келген.
Туристік тартымдылықты арттыруға септесетін жобалардың бірі 2019-2020 жылдарға жос­парланған «Алматы-2» теміржол вокзалының реконструкциясы. Нысанды аралау кезінде Б.Са­ғынтаевқа жобаның «Алматы-2» және «Алматы-1» арасында екінші жолды, қосымша терминалды, жерасты өткелдері мен қала маңы бағыттары үшін жаңа жолаушылар платформаларын салуды қарас­тыратыны баяндалды. Вокзалды жаңғырту нысанның пайдалы аумағын екі есе арттырмақ.
Мұнда Премьерге көлік ин­фра­­құрылымын дамыту жайы ба­ян­далып, «каршеринг» жаңа сер­висі таныстырылды. Оған сәйкес, жүргізуші куәлігі бар кез келген адам мобильді қосымша арқылы автомобильді минутпен жалға ала алады. Бұл мақсатқа барлығы жүзден астам автомобиль қызмет ететін көрінеді.
Алматы әкімдігінің ақпара­тынша, биыл қалалық автобус пар­кін жаңарту көрсеткіші 80%-ға жетеді. Жеке инвестициялар есе­бінен автопарк және үшінші бу­ындағы электрлі автобустар шы­ғаратын зауыт салынды. Сон­­­дай-­ақ Алматыда Қазақ­стан­дағы алғашқы BRT (арнайы бө­лін­ген жолақтар­мен қозғалатын жүр­дек автобустар) желісі ұйым­дас­ты­рылды. Қоғам­дық көлік үшін 110 шақырымдық жол мен 10 орталық көшеде бір­жақты қоз­ғалыс енгізілді, ал «Ор­битадан» «Жасыл базарға» дейін велодәліз жасалды. Қаланың орталығын шеткі бөліктерімен, қалаға қо­сыл­ған аудандармен байланысты­ра­тын екі метро стансасы тұрғызылуда.
Сапар аясында Бақытжан Са­ғынтаев ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының жас ғалымдарымен кездесу өткіз­ді.
Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Үкімет бас­шысы жастарды кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымды­ғына айналып жатқанын атап өтті. Ғылымды дамыту үшін жақсы жағдайлар жасалуда, субсидиялар, жеңілдіктер беріліп, түрлі қолдау шаралары қабылдануда. Тең қаржыландыру жағдайында ғылыми нәтижелерді коммерция­ландыруға гранттар бөлу бастал­ды, бұған жеке сектор тартылуда. 138 жобада отандық ғылыми әзір­лемелерді енгізуге мемлекеттік емес көздерден 3,2 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды.
Өз кезегінде, енді жастардан экономиканың барлық сала­ла­рын­да белсенді әрі тиімді қайта­рымның болуы күтіледі. Жастар нақты бас­тамалар білдіріп, еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс орындарының санын ұлғайтуға қатысты өз білгендерін ұсынуы тиіс.

 Айхан ШӘРІП

Дереккөз: Айқын