Алматы – Екатеринбург тасжолында 2 полицей мен өзбек азаматы қаза болды – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жантүршігерлік жол апаты заң бұзған Өзбекстан азаматын бөлімшеге апара жатқан кезде болған

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында SsangYong қызметтік көлігі апатқа ұшырап, екі полиция қызметкері мен Өзбекстан азаматы көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 13 шілде, сенбі күні Алматы – Екатеринбург тасжолының 380-шақырымында болған. Ішкі істер министрлігі Мойынқұм аудандық бөлімінің полицейлері бөлімге көші-қон заңын бұзған Өзбекстан азаматын әкеле жатқан.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза болды

Тіркелген факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әлеуметтік желідегі megapolis.kz парақшасында жол апатының видеосы жарияланды.



sputniknews.kz