Алматы COVID-19-қа қарсы жаппай вакцинациялауға дайындалуда
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астананың билігі COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін жағдайларды дайындауды бастағанын айтты.
«Біз бұған дейін үкіметтен тиісті нұсқаулар алдық. Қалалық деңгейде біз медициналық кадрларды оқытып жатырмыз, оларды сақтау үшін қажетті модификациядағы қосымша тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сағынтаев бірінші кезекте қауіп тобына жататын адамдарға — дәрігерлерге, әскери қызметкерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған қала тұрғындарына екпе жасалатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз қызметі ел тұрғындарын коронавирусқа қарсы жаппай ерікті вакцинациялау 2021 жылдың басынан бастап жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Бірінші кезең халықтың инфекция қаупі жоғары топтарын, оның ішінде дәрігерлерді, мұғалімдерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтиды.