Алматы әуежайының маңында заңсыз жер тілімдерін таратқан шенеунік ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің орынбасары өзінің қызметін асыра пайдаланғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Роман Скляр: Алматы әуежайының санитарлық аймағында салынып жатқан жерлер заңсыз берілген

Алматы облысының жемқорлыққа қарсы қызметі шенеуніктің заңсыз әрекеттерін тексеруді бастап кетіпті. 

«Ол 2017 жылы Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы бола тұра, 16 жер тіліміне үй салу туралы құжаттарға қол қойған. Десек те заң бойынша бұл жерлерге баспана тұрғызуға болмайтын еді. Бұл жерлер әуежай маңындағы Панфилов аудандық округінде орналасқан», — деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров. 

Қазір Рыспеков уақытша ұстау абақтысында қамауда екен. Оның үсітіне қылмыстық-процессуалды кодекстің 128 бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасуда. 

 

stan.kz