Алматы әуежайында 19 жастағы жолаушының жүгінен тапанша табылды

0
190

«Макаров» жауынгерлік тапаншасының негізінде жасалған ИЖ-79 пневматты тапаншасы анықталған.

Алматы-Астана бағыты бойынша қатынайтын ұшақтың жолаушысынан тапанша табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы Халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19-ақпан күні таңертең әуежайдың Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесі қызмектерлері тыйым салынған затты әуе кемесіне алып өту әрекетінің жолын кескен.

«Астанаға қарай бағыт алған 19 жастағы жолаушының жүгінен «Макаров» жауынгерлік тапаншасының негізінде жасалған 4,5 мм калибрлі ИЖ-79 пневматты тапаншасы анықталған. Тапанша тәркіленіп, оның өзі полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – деп хабарлады әуежай қызметкерлері.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz