Алматы әуежайын түріктердің меншігіне кім өткізіп берді? — Мәсімовтың «былығы» ашылды

0

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер, тергеу изоляторларындағы азаптаулар, қант пен доллардың тапшылығы, карантин шараларының біресе күшейіп, біресе әлсіреуі, көрші елдердегі соғыс және Қазақстанға да салқынын тигізген санкциялар, Елбасыға жақын адамдардың тұтқындалуы — қоғамды дүр сілкіндірген осындай оқиғалардың қалтарысында Алматы тарихындағы межелі белестердің бірі елеусіз қалуы мүмкін. Әңгіменің әлқиссасы сол, мамыр айында түріктің TAV Airports Holding компаниясына Алматы әуежайының сатылғанына тура бір жыл толады. Айтпақшы, сарапшылар әлі күнге дейін әуе айлағын не үшін сату керек болғанын және пандемия кезінде неге көп пайда таппаған әуежай үшін түріктер қажет сомадан да көп ақша төлегенін түсіне алмауда. Ulysmedia.kz тілшісі бұл мәміледен кім және қандай пайда көргенін байыптауға тырысты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

100% АКЦИЯСЫ 415 МЛН ДОЛЛАРҒА ТҮРІКТЕРГЕ САТЫЛДЫ

2020 жылы көптеген әлемдік БАҚ TAV Airports Holding президентінің пікірін таратты, онда ол компанияның өз қарамағында Алматы халықаралық әуежайын — Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік торапты иеленгеніне қуанышты екенін, оның айтарлықтай әлеуеті бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, айрықша ноу-хаулара сүйене отырып, TAV Airports Holding осы әлеуетті жүзеге асыру үшін толыққанды жұмыс істейді деген уәде айтылды.

Стратегиялық нысанды сатқан адам бұл жоспарларды шынайы деп сенсе керек. Нәтижесінде сатып алу-сату шартына қол қойылып, Алматы әуежайының 100% акциясы 415 миллион долларға кете барды.

Түріктердің Алматы айлағы жақын арада әлемдегі № 1 болады деген құлшынысы үміт отын маздатқандай болды. Тіпті ұшу-қону жолақтарының тозып тұрғаны, маңайдағы тұрғын үйлердің тым жақын орналасқаны, ғимараттың өзі де күрделі жөндеуді қажет етіп, бәсекелестік пен жолаушылар ағымының күрт төмендеп кетуі де айрықша күш-жігерге кедергі болмастай көрінді.

Сани Шенер TAV Airports басқарушы директоры 

Жалпы алғанда, әуежайды кеңейту және барлық жөндеу жұмыстары үшін кем дегенде 750 миллион доллар шығындалуға тура келетіні байқалды. Алайда түріктердің бұл қаржыны қалтасынан шығаруға асықпайтыны да аңғарылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, белгісіз халықаралық қаржы корпорациясы және Алматы халықаралық әуежайы мемлекеттік қолдау туралы келісімді талқылай бастады. Ulysmedia.kz ресми сұрауына TAV Airports Holding әуежайды жоспар бойынша қалпына келтіруге бар-жоғы 200 миллион доллар қажет деп жауап берді. Қалғанын холдинг Қазақстанның кепілдігімен несиеге алмақшы.

«БАЙҒҰС» ИНВЕСТОР ҚАРЫЗҒА АҚША СҰРАДЫ

Келісімге қатысты түсініксіз жайттар көп. Мысалы, инвесторға ақша керек болды, ол оны бірден алды. Артық әңгімесіз түріктерге үлестік қаржыландыруға «Қазына Капитал Менеджмент» Мемлекеттік Қоры 30 млн АҚШ долларын бөлді.

Қордың Басқарма төрайымы Айнұр Саинова Қуатова инвестордың, әдетте, қарыз алмайтынын білсе де, құжаттарға қол қойып берді. Түріктер жолаушылар ағынын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа терминал салуға уәде берді.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен оның жақын досы Айнұр Қуатова, Қазына капитал менеджмент қорының басқарма төрағасы

ЕҚҚДБ ДА ЕШКІМНІҢ ҚОЛЫН ҚАҚПАДЫ

TAV Airports бастаған инвесторлар консорциумына жаңа жолаушылар терминалын салуға және әуежайды және Venus Trading LLP отын өндіру жөніндегі қауымдастырылған компаниянсын қайта қаржыландыруға 229,4 млн доллар қажеттік өтелді.

Бұл жерде 79,4 миллион доллар коммерциялық банктер арқылы синдикатталмақ. Кредиторлар синдикатына мыналар кіреді: Еуразиялық даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ), халықаралық қаржы корпорациясы және DEG неміс инвестициялық корпорациясы, атап айтқанда: 40 млн доллар — Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) шамамен 40 млн доллар көлемінде қаржыландырады. Қалған ақпарат жоқ.

Бұл ақпарат ашық көздерден табылған қаражаттың бір бөлігі жайлы ғана. Бірақ осы сомалардың өзі ең жоғары деген бағасы 200 миллион доллар болатын нысан үшін неге екі есе көп беруге келісілгенін айқындайтындай.

УӘДЕ БІЗДЕН – КЕПІЛДІК СІЗДЕН

Қазақстандық тарапқа ұнаған жобаның сипаттамасында 2019 жылы әуежай 6,4 миллион жолаушыға қызмет көрсеткені келтірілген, бірақ соған қарамастан ол халықаралық стандарттарға мүлдем сәйкес келмейді.

Түріктер жаңа халықаралық терминалды салып, ішкі рейстерге арналған терминалды жаңартқанда және ИАТА-ға қызмет көрсетудің оңтайлы деңгейінің стандарттарын енгізгенде ғана барып, әуежай сапалы авиациялық қызметтерді ұсынып, коммерциялық алаңдарын кеңейтуі және авиациялық емес қызметтердің кең ауқымын көрсете алуы мүмкін.

TAV Airports компаниясының тәжірибелі жаһандық оператор ретіндегі тәжірибесі де оң рөл атқармақ және Алматы әуежайы Қазақстандағы әуежай инфрақұрылымы секторына салынатын ірі ауқымды тікелей шетелдік инвестициялардың, сондай-ақ осындай Орталық Азиядағы ең ірі мәміленің алғашқы үлгісі болмақ.

Бірақ инвестор қандай да бір себептермен несие иек артып, жобаға өз қаражатын салғысы келмейтінін еш жасырмады.

«Консорциум сатып алуды және кеңейтуді жүзеге асыруды консорциумның сәтті қайта қаржыландыруы үшін қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында кредиторлармен белсенді келіссөздер жүргізуде», — делінген жоба сипаттамасында.

Нәтижесінде компания ҚР Үкіметін мемлекеттің қатысуынсыз әуежайды әлемдік стандарттарға дейін жеткізу екіталай екеніне, несие желілеріне кепілдіксіз ештеңе жасай алмайтынына көндіргендей.

Бұл көңіл жабырқатарлық тұжырым Алматы әуе айлағында екі жыл ішінде өзгерістерді тіпті майшаммен табу мүмкін емес екенінен туындауда.

ҰШУ АЛАҢЫНДА 7000 ҮЙ ОРНАЛАСҚАН, ҒИМАРАТ ЕСКІ

Бірақ әуежайды стандарттарға сай ету оңай болады деп кім айтты? Экологиялық және әлеуметтік қауіп-қатерсіз қауіпсіз аймақ құрудың өзі не тұрады!  Түрік компаниясының сарапшылары әуежайдың айналасындағы тұрғын үйлер, соңғы 15 жыл ішінде ресми және құқық қолдану тәжірибесімен қамтамасыз етілген санитарлық-қорғау аймағының болмауы салдарынан салынғанын анықтады. Қазір ұшу жолақтарының жанында кемінде 7000 үй орналасқан. Міне, осы аймақты құру, яғни қоныс аударушылар үшін ескісін сүріп, жаңа тұрғын үй сатып алуды қаржыландыруды түріктер Қазақстан билігінің мойнына жүктеуге талпынуда.

Жобаның сипаттамасында инвестор, егер үкімет авиациялық қауіпсіздік аймағынан 4 км шегінде 6770 жылжымайтын мүлік нысанын көшіру/алып қою туралы шешім қабылдаса, бұл міндеттеме мемлекеттік қолдау туралы келісімде және жерді алып қою мен қоныс аудару туралы негіздемелік құжатта көрсетілетінін ескертеді. Егер банк Үкіметтің мақұлдауына қол жеткізе алмаса, жоба одан әрі іске асырылмайды.

Бірақ бұл қаржылық болжамдардың барлығы әуежайды кеңейту туралы талқылауды бастаған кезде шетке ысырылып, бұл мәселені шешу үшін ең алдымен әуежай ғимаратын бұзу керек екені белгілі болды. Алматы жұртшылығы мәдени мұраны қорғауға кірісіп, наразылықтар басталды, ал TAV Airports ескісін бөлшектеу, ауыстыру немесе жаңасына қосу секілді нұсқаларды іздей бастады. Нәтижесінде түріктер ғимаратты сақтап қалуға уәде берді, бірақ бұл жерде пандемия да өз әсерін тигізді – әуежай жабылуға шақ қалып, бұл жайт та, онымен бірге жаңа иесінің Алматы әуежайын Орталық Азиядағы ең жақсы әуежайға айналдыру туралы уәдесі де көмескілене берді.

ӘУЕЖАЙДЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРУДЫ ТАЛАП ЕТТІ 

Қаңтардың соңында ел президентіне ашуға булыққан алматылықтар петиция жолдады. Хатта проблемалар егжей-тегжейлі сипатталған, тіпті жағдайды қалай түзетуге болатындығы туралы ұсыныстар бар. Қол қоюшылар әуежайда не болып жатқанын жақсы біледі, демек сол жерде жұмыс істеулері ықтимал.

Арызда жаңа қожайындардың билік жүргізу тәсілі тәптіштелген: олар бір-бірінен аумайтын лауазымдарды ойлап тауып, тәжірибелі мамандарды жұмыстан шығарған және жап-жақсы жұмыс істеп тұрған тізбекке тиіскен, яғни өндірісті әрі-сәрі күйге түсірген.

Сондай-ақ, болып жатқан біртүрлі оқиғалар Алматы халықаралық әуежайы бизнесмен Тимур Құлыбаевтың жекеменшігіне айналған сәттен бастау алғаны нұсқалады. Бұл мәмілелердің бүкіл тізбегін мұқият зерттеуді қажет ететіні анық. Әуежайда бәрі жақсы емес екенін қаңтар айындағы төтенше жағдай да көрсеткендей, эвакуация туралы шешімді кезекші ауысым қызметтерінің басшылары қабылдаған, басшылық болмаған.

Тимур Құлыбаев, Алматы әуежайының бұрынғы қожайыны

«Біз Алматы халықаралық әуежайын толық мемлекеттік меншікке емес, кем дегенде, отандық мамандар құзырына қайтаруды талап етеміз. Елімізде стратегиялық нысанның қауіпсіздігін де, халықаралық стандарттар мен талаптарға сай әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсету процесін де қамтамасыз ететін авиация саласындағы мамандар жеткілікті екеніне сенімдіміз», — дейді президентке хатында авиациялық мәселелерге қанық алматылықтар.

Қасым-Жомарт Кемелұлы әзірге мәселе бойынша өз пікірін жария етпеді, бәлкім өтінішті әлі оқып үлгермеген.

Жалпы сапарында ұшаққа жиі мінетін адамдар оңтүстік шаһар әуежайында бәрі ескіріп тұрғанын біледі – тозған дәретханалар, жүкті алуға кезек, рейске тіркелудегі әуре-сарсаң, орындықтардың жетіспеушілігі және барлардағы ақылға сыймайтын бағалар. Бұл жаңа түрік қожайындардың Алматы әуежайының мәртебесін әлемдік стандарттарға дейін көтеру туралы уәделері қағаз жүзінде қалғанын тағы бір мәрте растайтындай.

МӘСІМОВ, ДОСАЕВ, ҚУАТОВА – БИЗНЕС СЕРІКТЕСТЕР

Ерболат Досаевты Алматы әкімі етіп тағайындағаннан кейін ол бірден әуежайға барды. Қала билігі жобаны қолдауға және нысанды уақытында тапсыру үшін мәселелерді шешуге әзір деп инвесторды сендірді.

Қазақстандық әуежай қызметкерлері түріктер шаруашылық жағынан басқарғанымен, жобада басты емес екенін атап өтті. Сірә, олар стратегиялық нысанды жоғарғыда өте ықпалды біреу иемденді деп бекер айтпаған.

2016 жылы Ерболат Досаев «Бәйтерек» басқарушы холдингінің басшысы болып тағайындалды, онымен бірге Айнұр Қуатова Компанияға келіп, Басқарушы директор болды. Бір жылдан кейін Досаев премьер-министрдің орынбасары болып кетті. Жалпы бұл үштік әртүрлі жерлерде қызметтес болған. Бізге жеткен ақпарат бойынша Алматы әуежайын сол тұста ҰҚК-ны уысында ұстаған Кәрім Мәсімов меншігіне алған.

«Адырна» ұлттық порталы