Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Фото: ашық дереккөзден
Алматы, BAQ.KZ. Жаңа құрылыс жүргізу арқылы қазіргі әуежайдың ғимаратын 2,5 есеге ұлғайту тұжырымдамасы жасалып қойды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов Facebook желісінде жазды.
«2017 жылға дейін Алматы әуежайының жағдайы нашар болды. Ауа райының нашарлығынан жылына 200 рейс бөгеліп қалатын. Әуекомпаниялардың шығыны 1 млрд теңгеге дейін жетсе, 30 мыңға жуық жолаушы іскерлік кездесулер мен отбасылық шаралардан кешіккен», -дейді ол.
Оның айтуынша, мұндай проблеманы кезінде Гельмут Шмид (Гамбург, Германия), Аурел Влайк (Бухарест, Румыния), Дон Муанг (Бангкок, Таиланд) сияқты әлемнің танымал әуежайлары да басынан өткерген.
Жүктеме жоғарылығын шешу үшін олар ұшу-қону жолақтары қайта жасап, территориясы кеңейткен әрі жаңа терминалдар ашылған. Нәтижесінде тексеру өткізу қабілеті екі есеге артып, туристердің қосымша легін қабылдайтын жағдайға жеткен.
«Алматы әуежайының қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында соңғы екі жылда бір қатар істер атқарылды. Екі ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жасалды. Жалғамалы рөлді жолақтар тұрғызылды. Заманауи әуенавигациялық және жарық белгі беретін жабдықтар қойылды. Жеке компания тарапынан бөлінген инвестицияның мөлшері 8 млрд теңнені құрады. 2018 жылдың желтоқсандағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығы кезінде борттарды қабылдау мүмкіндігі артып, тексеруден өткізу қабілеті 2,5 есеге артты. Сағатына 8-20 дейін ұшақ қабылдайды»,-дейді Е. Әукенов.
Ол әуежайды жақсарту жұмыстары мұнымен бітпейтіндігін айта келе, жаңа құрылыс жүргізу арқылы қазіргі әуежайдың ғимаратын 2,5 есеге ұлғайту тұжырымдамасы әзірленгендігін жеткізді.
«Бұл жылына 13 млн жолаушыны қабылдауға мүмкіндік береді. Екі телескопты трамппен қамтылып, автотұрақ екі мың орынға дейін кеңейтіледі», -дейді ол.
Сонымен қатар, борттағы тамақтануды қамтамасыз ететін жаңа цехтың жобасы аяқталыпты. Оның күші тәулігіне 15 мың порция тамақ беруге дейін жетеді. Бұл қазіргіден 2,5 есеге көп.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ