«Алматы аруы-2019» байқауында оқушы қыз жеңімпаз атанды — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда жыл сайынғы «Алматы аруы» байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша 16 жастағы Диана Әбішева жеңімпаз атанды, деп жазады Қазақпарат.
Диана байқаудан алған әсері жайлы айтты.
«Мен тәждің өзімде екеніне сенбей тұрмын. Бұл түс секілді. Жылау керек пе, күлу керек пе білмеймін. Мен қатысқан ең керемет байқау болды», — деді Диана.
Диана бұл байқауға қатысу бала күнгі арманы екенін айтты. Төрт ай бойы дайындалғанын жеткізді.
Дайындық барысында байқау қатысушыларымен танысып-біліскен. Өзі Алматыдағы № 105-мектепте оқиды. Француз, ағылшын тілін меңгеріп жүр. Вокалмен айналысады. Модельдік байқауларға қатысады. «Экономика» саласына бет бұратынын айтады.
«Мен ҰБТ-ны 125 баллға тапсырдым. Математика мен география пәнін таңдадым. Бұл қаржы, маркетинг, менеджмент саласы. Елде қалам ба, шетелге кетем бе уақыт көрсетеді», — дейді ол.
«Алматы аруы-2019» тәдінің иесі 1 млн теңге көлемінде сыйақы алды.
Байқауға 16 мен 26 жас аралығындағы 19 ару қатысты.
Бірден төрт қызғ Сабина Ноғаева, Сабина Құрбанова, Дәмелі Нұрғазы және Мадина Мұхтаровағ «вице-мисс» атағын иеленді.
stan.kz