Алматы әкімінің көмекшісі ұсталғаны туралы ақпарат — жалған

0

Әлеуметтік желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген.

Алматы қаласының әкімдігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

— Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, — деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Іле ауданының әкімі қамауға алынғанын жазған едік.

Сондай-ақ Алматы облысы Іле ауданының әкімі не үшін ұсталғаны белгілі болды.