Алматы әкімі жұбайымен бірге сайлауда дауыс берді

0
29

Ерболат Досаев таңғы сағат 7-де Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдегі №358 сайлау учаскесінде өз дауысын берді. Дауыс беру үшін ол жұбайымен бірге келді. 

«Бүгінде Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық құқығын іске асырып, алдағы 7 жылда еліміздің қалай дамитынын өз дауыстарымен таңдайды. Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды және бүгін мен қаламыздың, тұрғындарымыздың, отбасымның және балаларымның жарқын болашағы үшін азамат және Алматы тұрғыны ретінде өз дауысымды беруге келдім. Алматылықтар өздерінің бірлігін көрсетіп, өз таңдауын анықтайтынына сенімдімін», — деді Ерболат Досаев.

Фото, ақпарат: http://t.me/orda_kz