Алматы әкімі шаңғы тебетін шетел туристері “Көкжайлауға” көп қаржы әкелетінін айтты
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Көкжайлау шатқалындағы курорт құрылысы жобасы туралы пікір білдірді.
Бізге жиі таңылатын “экологиялық курорт зиянды” деген жаңсақ пікір бар. Тағы да айтқым келеді, ол жерге химиялық зауыт салынғалы жатқан жоқ. Курорттың зияны жоқ… Францияда тау шаңғысы курортының 200-і бар, бірақ ол экологиясы жақсы елдердің үздіктері қатарында. Австрияда 50 курорт бар, олар мол қаражат өндіріп отыр. Тау туризмінің жағажай туризмінен 7 есе көп табыс әкелетіні дәлелденген. Тау курорты – бірден тұрғызылатын құрылыс, қала таза қарда сырғанайды, – деді Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Мегаполис басшысының айтуынша, “Көкжайлау” курорты экологиялық жағынан таза жоба болады.
Бұрын шетелден құрылысты қалай салу керек екенін білетін кеңесшілер шақырылды, қазіргі заманғы технологиялар қолданылады. Біз ашықпыз әрі әр нәрсеге есеп береміз. Біз алматылықтармен бірге азаматтарымызды қалай жұмыс орындарымен қамту керек екенін ойластырамыз. Әлемдегі ең жылдам дамитын сала – туризм, – деді Алматы әкімі.
Бауыржан Байбек Алматы экономикасының 30%-ы сауда-саттық саласына тиесілі екенін айтты.
Біз сауда-саттық үлесін 5%-ға дейін қысқартып, оны туризммен алмастырғымыз келеді. Кейбір бағалаулар бойынша әрбір турист тәулігіне шамамен 50 доллар жұмсайды. Ал шаңғы тебетін туристер одан да көп қаржы жұмсайды… Сондықтан жобаны жұртшылықпен бірге іске асыратынымызды тағы да айтқым келеді, ол мемлекеттік сараптамадан өтеді, экология жөнінде қосымша талқылаулар болады. Экономика, экология және азаматтарымыздың мүддесі үшін дұрыс шешім қабылданады деп ойлаймын, – деді Бауыржан Байбек.
Дереккөз: Baribar.kz