Алматы әкімі Бауыржан Байбек сайлауға түсе ме

0
57

Саясат

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Қала басшысының кандидатурасын ұсынуға заңдық тұрғыдан ешқандай шектеу жоқ

НҰР-АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев Алматы әкімі Бауыржан Байбектің президенттікке кандидат ретінде сайлауға қатысуына пікір білдірді.

Әлеуметтік желілер мен Telegram каналдарында Байбектің алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысуы мүмкін бе, жоқ па деген тақырыпта қызу пікірталас жүріп жатыр. Қазақстандық саясаттанушы Оразғали Сельтеев Алматы әкімдігінің мүмкіндігін былай бағалады: саясаттанушы Байбек сайлауда Тоқаевтың негізгі «спарринг-серіктесі» болуы мүмкін екенін атап өткен. Сарапшының толық пікірін Selteyev’s View каналынан оқыңыз.

Бұл пікірталасқа саясаттанушы Талғат Қалиев те қосылды. Ол Байбекті ұсынуға заңдық тұрғыдан ешқандай шектеу жоқ екенін алға тартты.

«Оның үстіне ол «Болашақ» стипендиаттары қауымдастығы атынан ұсынылып, тіркеуге қажетті қолды оп-оңай жинап ала алады», – деп жазды Қалиев Telegram-каналында.

Тағы оқыңыз: 50-60 мың теңгеден таратқан: Алматы әкімі Бауыржан Байбек туралы қызықты деректер

Оның пікірінше, Байбек сайлаушылардың жаңа буынының талаптарына жауап беретін кандидат.

«Елдің ірі мегаполисінің кез келген басшысы өзін бірден танытып, әлеуметтік-экономикалық процестерді жедел басқарудағы қабілеттерін көрсетіп үлгереді. Осы тұрғыдан алып қарасақ, ол жастардың сайлауға қызығушылығын оятып, әсіресе, жас сайлаушылардың дауыс беруге келу деңгейін арттыра алар еді», – дейді Қалиев.

Ол Байбектің кандидатурасын ұсыну туралы мәселе шешіліп қойған деп санауға болмайтынын атап өтті: кандидаттарды ұсыну мерзімінің аяқталғанын күту керек.

Еске сала кетсек, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Президенттіке үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.



sputniknews.kz