Алматы әкімдігінің жүргізушілері жол ережесін пысқырмайды (Видео)

0

YouTube-те танымал LIFE KZ арнасының авторлары Ринат Кибраев пен Жанар Құсайынова Алматы әкімдігінің алдындағы тұраққа барып, тексеріс жасады, — деп хабарлайды kznews.kz cайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Блогерлер қалалық әкімдіктің автотұрағында көптеген ұсақ ереже бұзу фактісін  анықтады. Оның бірінде жүргізуші қызметтік көлікті жол бойына қойып қойған. Ал екінші бір жүргізуші көлігі аялдауға және тұрақтауға тыйым салу белгісі тұрған орынға қойып кеткен.

Видеодан қызметтік көлік жүргізушілерінің блогерлермен сөйлесуден бас тартқанын көруге болады. Жүргізушілер камераны көріп, тез арада кетіп қалуға тырысады.