Алматы әкімдігі жақын арада сұлулық салондары неліктен ашылмайтындығын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласының әкімдігінің өкілдері жақын арада сұлулық салондары неліктен ашылмайтыны жайлы айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шаштараз

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабының шешімімен сұлулық индустриясының нысандарының қызметіне шектеу қойылған.  

«Сұлулық салондары қауіп аймағы болып саналады. Мұндай нысандарда қызмет көрсету шарты тығыз қарым-қатынасты қажет етеді. Яғни клиент пен шаштараз бір метрден кем арақашықтыққа дейін бір-біріне жақын болады. Ал қызметтің өзі біраз уақытқа созылады. Егер шаштараз ауры жұқтырса, онымен байланыста болғандардың барлығын станционарға жатқызуы керек. Бұл өте қауіпті дүние», — дейді әкімдік қызметкерлері. 

Егер елдегі эпидемиялогиялық жағдай тұрақталса, осы саланың қызметке қайта кірісуі қаралатын болады. Сондай-ақ әкімдік өкілдері ТЖ режимін бұзғандарға тәртіптік жаза бар екендігін ескертті.

«Егер ереже бұзушылыққа кезіксеңіздер, Алматы қаласының тауар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына хабарласулаңызды сұраймыз», -дейді әкімдіктегілер. 

Еске салайық, 20 сәуірден бастап Алматыда бірқатар кәсіпорындар жұмыстарына қайта кіріскен болатын. 

 

stan.kz