Алматы әкімдігі өз ғимаратын жөндеуге конкурссыз 17 млрд теңге бөлді
Алматы қаласының құрылыс басқармасы «АТРИКС-СТРОЙ» ЖШС-мен 17 млрд теңге сомасына шарт жасасты. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізілмеді, ал сома бір мекемеден бөлінген.
Өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әкімдік ғимаратын жөндеуге 12 миллиард теңге қажет екенін айтты. Ол сондай-ақ қаңтар айындағы оқиғалардан кейін инфрақұрылым 100 пайызға қалпына келтірілгенін хабарлады.
«Біз шағын және орта бизнеске өтемақы төлеу бойынша жұмысты аяқтадық. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардан, оның ішінде өртенген көліктер бойынша өтініштер түсуде. Мемлекет тарапынан біз барлық жұмыстарды аяқтадық, тек жеке ғимараттар ғана қалды», — деді Ерболат Досаев.
Қала басшысы биылғы жылы билік қала қауіпсіздігінің жаңа деңгейін қамтамасыз етуге 17 миллиард теңге бөлгенін атап өтті.
«Алматы 100 пайыз қалыпқа келді», — деді қала әкімі.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: el.kz