Алматы әкімдігі мекен-жайды жариялады
Қалада инфекцияның он ошағы анықталды, оның екеуі – жеке тұрғын үй, ал қалған сегізі – көп қабатты үй
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімдігі коронавирус инфекциясы ошақтарының мекенжайын жариялады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Барлық ошақ бақылауға алынып, карантин енгізілді.
«Алматыда коронавирус инфекциясының әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында COVID-19 ошақтары аумағында қала тұрғындарының қозғалысына шектеу қойылды», — делінген ақпаратта.
Қалада инфекцияның он ошағы анықталды, оның екеуі – жеке тұрғын үй, ал қалған сегізі – көп қабатты үй.
- Алтай ықшам ауданы, 8;
- Жасқанат ықшам ауданы, 86;
- Еңлікгүл, 34 А;
- Зенков көшесі, 59;
- Достық даңғылы, 162;
- Гоголь көшесі, 75;
- Сары-ой, 234;
- Жароков көшесі, 16;
- Желтоқсан көшесі, 125;
- Байтұрсынов көшесі, 78/1.
Коронавирус Алматының бес ауданында анықталды: Алмалы ауданында – 3, Медеу ауданында – 3, Түрксіб ауданында – 2, Жетісу ауданы мен Алатау ауданында бір ошақтан бар.
Коронавирус эпидемиясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол отыз тәулікке жалғасады. 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.
Алматы облысында бір адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді. Карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында бір адам тіркелді.
sputniknews.kz