Алматы әкімдігі коронавирустың қаладағы 15 ошағын атады — Қазақстан жаңалықтары
Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 29-ға жеткен, оның ішінде екі бала бар. Науқастар оқшауланған жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған. Жағдайлары — қанағаттанарлық, екеуінің орташа ауыр жағдайда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы қаласының провизорлық госпитальдарында 672 адам, карантинде-598, үй карантинінде — 1549 адам бар. Карантиндегі барлық температура норманың шегінде, катаралды құбылыстар жоқ. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің деректері бойынша, коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында барлық ошақтарда эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары күшейтілді. Медицина қызметкерлері ошақтың аймағында орналасқан барлық тұрғындар денсаулығына мониторинг жүргізеді.
Бүгінгі күні Алматы аумағында 15 коронавирустық инфекция ошағы бар:
Алатау ауданында — 2 ошағы тіркелген. «Заря Востока», Сары-ой көшесі, 234; ш.а. «Ақкент», 7.
Алмалы ауданында — Желтоқсан көшесі, 125; Байтұрсынов көшесі, 78/1; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ.
Медеу ауданында — Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75 мекен-жайлары бойынша 3 ошақ.
Жетісу ауданында — Еңлікгүл, 34а, Волочаевская, 51 көшелері бойынша 2 ошақ.
Түрксіб ауданында 4 ошақ тіркелген. «Алтай-1», 8; ш.а. «Жас Қанат», 86; Майлин к-сі, 77; Спасск, 63.
Қала билігі қала тұрғындарын карантин режимін сақтауға, карантиндік аймақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыстарымен, достарымен және әріптестерімен қарым — қатынасты шектеуге шақырады.
Клиникалық симптомдар пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, құрғақ ұзақ жөтел, әлсіздік) учаскелік дәрігерді телефон арқылы үйге шақыру немесе өзіне «жедел медициналық жәрдем» дәрігерін шақыру қажет.
Өзін — өзі емдеуге, препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қабылдауға, алдын алу шараларын сақтауға:
— үй-жайларды күніне 2 реттен кем емес желдетуге;
— күн сайын ылғалды тазалау жүргізуге;
— қолды сабынмен жиі жууға;
— жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т. б.) пайдалану.
Коронавирустық инфекцияны жұқтырғандармен байланыста болған адамдар отбасында, жұмыс (оқу) орны бойынша СОVID-19 науқастарымен соңғы байланыста болған сәттен бастап инкубациялық кезең мерзіміне (14 күн) өзін-өзі оқшаулаудың қатаң режимін (көше бойынша қозғалу құқығынсыз үй карантин) сақтауы қажет.
Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын 1406 және Open Almaty 1308 нөмірлері бойынша call-center-ге хабарласыңыз. Катаралды белгілері бар адамдар анықталған жағдайда дереу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне тәулік бойы 382-33-50 телефоны бойынша хабарлау керек.
Ресми ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің ресми беттерінде және әлеуметтік желілерде қолжетімді. Қосымша ақпарат Telegram-stopcov Almaty арнасында және Darmen қосымшасында жедел орналастырылады.
stan.kz