Алматы әкімдігі коронавирус инфекциясының ошақтары туралы жаңалықты жоққа шығарды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы әкімдігі коронавирус инфекциясының ошақтары туралы жаңалықты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2 жылға дейін бас бостандағынан айырылып немесе 5 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін: Аягөз тұрғыны ұятсыз видео таратқаны үшін ұсталды

Жіберілген хабарламада Бағанашыл, Алтай 1 ықшам аудандарында, Гоголь-Сейфуллин, Гоголь-Қонаев, «Сұңқар» тұрғын үйі қиылысында коронавирус инфекциясының ошақтары бар екендігі айтылған.

Сонымен қатар, вирус жұқтыруы мүмкін адамдардың мекен-жайы көрсетілген. Баспасөз қызметінің жетекшісі Әсет Мұқажанов бұл ақпаратты жалған деп айтты.

Бұған дейін «Сұңқар» тұрғын үй кешенінің оқшауланғаны туралы хабарланған болатын, онда жергілікті тұрғыннан коронавирус табылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирусты тіркеудің 44 жағдайы расталды, оның ішінде Алматыда — 19, Нұр-Сұлтанда — 25 жағдай.

 

 

stan.kz