Алматы әкімдігі ағайынды Боранбаевтардан автотұрақтарды қайтарып алды

0

Алматыда «Алматы паркинг» бірыңғай операторы құрылды. Бірақ жаңа коммуналдық кәсіпорынның бағдарламалық жасақтамасы толық іске қосылғанға қаланың автотұрақтарын басқарған parking өз жұмысын жалғастырады. Осы кезеңде жиналған барлық ақша бірыңғай оператордың шотына түседі. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

«Автотұрақтарды іске қосу кезең-кезеңмен, әр аудан бойынша жеке жүзеге асырылатын болады. Алғашқы жүмыс Медеу ауданында өткізіледі. Бұдан әрі Алмалы, Бостандық және басқа да аудандарда жалғасын табады.

Бүгінгі күні тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда жерді қайта ресімдеу жұмыстары аяқталып, Медеу ауданында жаңа оператор көрсетілген ақпараттық тақтайшаларды ауыстыру жұмыстары басталды», — делінген хабарламада.

фото: tengrinews.kz