Алмас Тоқабаев: Супермамаситаның «табиғи» еріндері шүршиіп, көтені диванда байыз таппай сырғақтап кетеді екен
Кеше Ұлттық арнаның эфирінде Супермамасита деген кейіпкермен сөйлестім ғой.
Ой, бір энергиясы тасып тұрған келіншек екен. Аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейді. Кеудесі көтеріліп-түсіп, «табиғи» еріндері шүршиіп, көтені диванда байыз таппай сырғақтап кетеді екен.
Бір ғана сұрақ қойдым:
— Өмірің өзгереді деп сендіріп қызыл жіп сатасың. Ол шарлатандық екенін өзің де білесің. Ертең алған адамның өмірі керісінше теріс жаққа өзгеріп, ваще күйзеліске түсіп кетуі де мүмкін. Ақша үшін алаяқтыққа барғаннан совесть не мучает?
Ол алдымен:
— Сонда ғажайыпқа сенетін мен ақымақ, шешем ақымақ балаларым ақымақ па?
деп қия тартты. Дррр деп әрең тоқтаттық. Тура жауап сұрадым.
— Сен мені көре алмайсың. Қазақтар сондай, біреуде бар болса көре алмайды!
деді. Өз ақшамыз өзімізге жететінін айтып, ол нұсқаны жоққа шығардық.
— Мен 12% салық төлеймін, сондықтан совесть чистая!
Салық — юридический тазалық екенін, маған моральдық жағы қызықтыратынын жеткіздім. Әңгіме тағы басқа ауанға кетті. Сонымен эфир бітті.
Эфирден соң риза болып қолын алдым. Негатив боларын біле тұра келу — батылдық. Анша аудитория жинап, оны монетизация жасау — еңбекқорлық.
Бірақ сенімді пайдаланып адамдардың басын айналдырып, ауадан ақша жасау һәм нәтижесіне жауапкершілік алмау — алаяқтық.
Түсінгенім, біз сауатты болмай олар кәсібін қоймайды. Ол үрдіс. Ал курс сатушы коуч, псевдопсихолог, машина ойнатушы әнші, пирамида-вайнер, бәрі небәрі пайдаланушы ғана. Біреуін тежесең екіншісі шығады. Оларға сұраныс тудыратын — қоғам.
Алмас ТОҚАБАЕВ