Алмас Кішкенбаев өзіне тағылған айыпқа пікір білдірді

0

Әнші Алмас Кішкенбаев 17 жастағы жасөспірімге қол жүгіртті деген айыпқа байланысты БАҚ-қа өзі пікір білдірді.

«Ашуланып отырмын. Ешкім қарамайтын сапасыз арналарға түрлісін шығарады. Оны халық көрмейді, олар инстаграмдағы анонсты көреді де, қорытынды шығарады. Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу, қайдағы біреу демей-ақ қояйын, ол да адам баласы. Бірақ мен оны мүлдем танымаймын. Неге мен мүлдем танымайтын адаммен байланыстырады?» – деді ол.