«Аллажар». Режиссер Қалдыбай Әбеновке ескерткіш-тақта орнатылды

0

«Аллажардың» режиссері Қалдыбай Әбеновке ескерткіш-тақта орнатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Журналист Гүлжанат Шонабай Facebook желісіндегі парақшасында жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша 24 қаңтар күні қазақтың ұлтжанды азаматы, жанкешті режиссер Қалдыбай Әбеновтiң ескерткіш-тақтасы ашылды.

Тарихи сәтке осы игілікті іске бастамашы болған марқұмның досы Ерлан Декелбай бастаған бiр топ желтоқсаншы азаматтар, жазушы-журналист Көлбай Адырбекұлы, халықаралық «Қазақстан дәуiрi» газетiнiң бас редакторы Ертай Айғалиұлы, «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қаласы филиалының директоры Сәуле Жиреншина, мәдениет қайраткерi Ғазизхан Әдiлханов, Қ.Әбеновтiң туыстары қатысты. Биiктегi ескерткіш-тақтаның бетпердесін ашу Қалекеңнiң ұлы Фарабиге бұйырды. Келген қонақтар естеліктер айтып, марқұмға Құран бағыштады, — деп жазды Гүлжанат Шонабай.

Еске сала кетейік, жазушы Роза Мұқанова «Аллажар» фильмі туралы естелігімен бөліскен.