Алланың құдіреті: Түркістан облысында су басып қалған ауылда мешіт қана аман қалды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында су басқан ауылда мешіт қана аман қалды. Алланың құдіретімен мешітті су баспақ түгілі, маңайына да жоламаған. 

Су басқан ауылдағы аллаға құлшылық ететін мешіттің маңайы құп-құрғақ. Бұған тұрғындар да таңғалысып, құдайдың құдіреттілігі десіп жатыр. 

«Мына суретті көріп,осыдан 10 жыл бұрын суға кеткен Қызылағаш ауылы (Алматы облысы) есіме түсіп отыр.Дәл осындай жағдай.. Дамба бұзылып,бір ауыл суға кетті. 40 тан аса адам өмірмен қош айтысты.. Бір түнде тәтті ұйқыда жатқан бір ауылдың тас-талқаны шықты. Сол кезде ауылдың қақ ортасында тұрған мешіт қана аман қалды. Құдайдың құдіретін-ай,десеңізші.

Менің әке-шешем Қызылорда қаласында Сырдарияның жағалауындағы жер үйлердің бірінде тұрады. Көктем келгенде жүрегім сол жаққа алып-ұшып тұрады,уайымдап. Әкем айтады: Құдайым жар болсын,неге уайымдайсың,не болса да халықпен бірге көреміз ғой деп.

Бұл да бір сынақ.. Ниетімізді түзейік! Артық сөз айтып,балағаттап,күнә арқаламайық мойнымызға.

Бірнеше күннен бері желіні шулатқан «шегіртке» дауының басты кейіпкерлері,яғни ұлы «Өнер» деген орданың өкілдері жиналып,Мақтаралдық бауырларға көмек қолын созу мақсатында қанша машинаға заттарын тиеп,жолға шықты!

Қандай жағдай болса да, «Халық» деген қадірлі топтың мүшелері өнер адамдары алғы шепте жүреді.

Әріптестеріммен мақтанам!
Қасиетті Рамазан айында тілеген тілек,ниетіміз қабыл болсын!!! Бұл да өтер..
Құдайым халқымыздың ауызбіршілігінен айырмасын!!», — деп жазды әнші Гүлнұр Оразымбетова. 

Желі қолданушылары мұның ескерту екенін, белгі екенін айтып жатыр.

«Алланың құдіреттілігі соншалық, айтарға сөзім жоқ», «Мен де мұны көзіммен көрген соң кейін ел айта жатар деп таңғалған едім», «Жеңіс ауылында да қасиеті әулиенің басына су кірмеген» Алла ұлық» деп жазды желідегілер.

 

 

 



stan.kz