«Алланың құдіреті»: СҚО-да өртенген мешіт ішінен Құран кітабы аман қалды

Солтүстік Қазақстанда Мамлют аудандық мешітінде 10-шы желтоқсан күні өрт шығып, бүкіл мешіт өртеніп кеткен. Алайда Құран кітаптар мен діни журналдар жанбай қалған. Бұл туралы Самат Сапаралының facebook парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото:.facebook
Кеше 10 желтоқсан күні кешкі сағат 17.56-да өрт сөндіру қызметіне Мамлютка қаласының Мамлют ауданының мешіті өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен.

Фото: facebook
100 шаршы метрді шарпыған қызыл жалын мешітті толығымен жалмаған.
Тілсіз жау сағат 20.15-те ғана ауыздықталыпты.

Фото:facebook
Алайда мешіт ішіндегі Құран кітаптар мен діни кітаптар аман қалған.

Фото:facebook
Мешіт қайта жөндеуге келмейді екен. Сондықтан тұрғындар жаңа мешіт салуға кәсіпкерлер көмектеседі деп үміттеніп отыр.

Фото: facebook