«Алла сақтасын»: Төреғали тоқал алуға қатысты пікір білдірді  — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Төреғалиді «Ұлы дала комедиясында» басты рөлді сомдаған Мәдина Оспанмен жұптастырып үлгергендер баршылық. Алайда күні кеше төрт баланың әкесі атанған Төрештің тоқал алатын ойы жоқ.

Алла сақтасын: Төреғали тоқал алуға қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Төреғалидің өзі 7-арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Алла сақтасын, ондай жаманшылықтан Құдай сақтасын. Білмеймін, мен ондай естімедім. Бұрын көп еститін едім, содан кейін естімейтін болдым. Естіп тұрып, тыңдамайтын болдым. Көріп тұрсам да, қарамайтын болдым. Сөйлеп тұрып, көп нәрсені айтпайтын болдым қазір», — дейді Төреәлінің ұлы.

Бұдан бөлек, ол шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті. Ол наурыз айында еліміздің батыс, оңтүстік өңірлерінде концерт беретінін айтты. Бұдан кейін 2017 жылдың соңында шу болған Павлодар өңіріне де атбасын бұратынын айтты.

Гастрөлдік сапарларын аяқтаған соң, Төреш екінші фильмінің түсіріліміне кіріспек. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz