Алла разы болсын: Қазақ баласы тікелей эфирде анасының аяғын сүйді (видео)

0
2079
Advertisement

«Бір болайық» жобасының қатысушысы қатты қуанғаннан тікелей эфирде анасының аяғын сүйді. Ол сүйіктісіне ұсыныс жасаған болатын, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Қазақстандық танымал жобаның мүшесі Олжас Ходжа тікелей эфирде сүйіктісіне ұсыныс жасап, анасымен таныстырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Бір Болайық (@1bolayiq)


Ол ғашығы Жанеркені ерекше ұнататынын тікелей эфирде айтқан-ды. Алайда бойжеткен оған «жоқ» деп бетін қайтарып, достан артық көре алмайтынын айтты. Артынша арада сезім оты тұтанып, екеуі жұп болады. Тіпті, ару жігітінің студияға келген анасына шай құйып берді.

Барлығы шай ішіп болған соң, Олжас Ходжа анасына үлкен гүл шоғын сыйлап, аяғын сүйді. Көпшілік оның бұл әрекетіне ерекше сүйсінгенін жазып жатыр.

«Әй, жарайсың! Қазақтың жігіттері осындай болуы керек», «Осы баладан үлгі алыңыздар», «Алла разы болсын», «Олжастың әрекетіне ерекше сүйсініп отырмын» деп жазды желідегілер.

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз