Алла Пугачева Ержан Максиммен кездесіп, ерекше құрмет көрсетті
Максим, Роберт, Нино мен Анастасияға «Алла Пугачеваның алтын жұлдызы» тапсырылды
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Алла Пугачева мен Светлана Лобода «Голос. Дети» жобасының ақтық кезеңінде ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамовадан жеңіліп қалған төрт финалиспен кездесті.
Примадоннамен кездесуге Максим Ержан, Роберт Багратян, Нино Чеснер мен Анастасия Иванова қатысты.
«Алла Борисовнаның арқасында біздің балаларымызға осылай қолдау көрсеттік «, — деп жазды конкурстың тәлімгері Лобода.
Пугачева төрт жас әншіге «Алла Пугачеваның алтын жұлдызы» деп аталатын алқа тапсырды. Бұл награданы эстрада аңызы 2005 жылы жас таланттарды қолдау мақсатында құрған болатын. Сонымен қатар балалар дипломдар мен ақшалай жүлде, Лободаның жүлдесін алды, деп жазды «Комсомольская правда».
26 сәуірде Бірінші арнада «Голос. Дети» шоуының финалы көрсетілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Алайда интернет қолданушылар финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды. Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді. Көпшілік жобада Ержан жеңіске жеткенін айтып жатыр.
sputniknews.kz