Алкоголь ішпейтін қыз сирек аурудың кесіренен үнемі мас болып жүреді — Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-тағы Юта штатының Солт-Лейк-Сити қаласының тұрғыны сирек аурудан зардап шеккендіктен үнемі мас болып жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мас

Татуировка суретшісі болып жұмыс істейтін Алисса Келштің анасы Брук Келш қызының жиі мас болуына байланысты алаңдайды. Алиссаның аузынан иіс шығып, көзқарасы өзгеріп, дұрыс сөйлей алмай қалады. Ол кенеттен күліп, үнемі мас болған сияқты көрінеді. Бұл белгілер алғаш рет 2018 жылы пайда болған.

Брук қызының ішімдік ішпейтінін білген. Мазасызданған анасы Алиссаның жағдайының себебін іздей бастаған, дәрігерлер бірнеше айдан кейін Алиссаға «автопивоварни синдромы» деген диагноз қойды — дене қант пен көмірсуларды этанолға айналдыратын сирек жағдай.

Алиссаның анасы бастапқыда оның аталған синдроммен ауыратынына ешкім сене қоймағанын айтты. Алайда, диагноз анықталған соң тамақтанған кейін қызында мас адамның белгілері не үшін пайда болатыны түсінікті болған.

Болжам бойынша, автопивоварни синдромы әйелде өзі қабылдаған антибиотиктердің салдарынан пайда болған.

Алиссаға емделу курсы тағайындалды, оның қанындағы этанол деңгейі төмендей бастады.

 

stan.kz