Аляскада израильдік зымыран кешенін сынақтан өткізген

0

АҚШ-тың Аляска штатында Израильдің «Хец-3» замыранға қарсы кешенін құпия жағдайда сынақтан өткізген. BBC-дің хабарлауынша, сынақты екі елдің әскери күштері бірлесіп өткізген. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Twitter-дегі жазбасында зымыран кешені нысананы жер атмосферасынан тыс кеңістікте жойғанын айтқан.

«Жуырда Аляскада болған үш сынақта Arrow 3 кешені баллистикалық зымыранды атмосферадан тыс кеңістікте бұрын соңды болмаған жылдамдықпен қағып түсірді. Мінсіз орындау! Біздің қауіпсіздігіміз үшін жасалған бұл жетістік үшін АҚШ-қа ризашылығымды білдіргім келеді» деген Нетаньяху.

Ол АҚШ-ты «ұлы одақтас» деп атап, «Хец-3» кешені сынағының сәтті өтуі Израильдің Ираннан я өзге де елдерден ұшырыла қалған жағдайда баллистикалық зымырандарға төтеп беру мүмкіндігі барын көрсетеді деді.

Бұған қоса Нетаньяху енді дұшпан Израильдің қорғаныс пен шабуылда өздерінен бір қадам ілгері екенін біліп жүретін болды деп мәлімдеген.

Azattyq