Әлішер Кәрімов: Бір аптаның ішінде үйлене салам — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлішер Кәрімов карантин аяқталған соң үйленуге дайындалып жатыр ма? Әншінің ата-анасы ұлының отау құрғанын қалап, немере сүюге асық. 35 жасына дейін сүрбойдақ атанған әнші тойды қашанғ  жоспарлап отыр?

Әлішер Кәрімов: Керек болса бір аптаның ішінде үйлене салам

Бұл туралы Әлішер 31 арнаға тікелей эфир арқылы хабарлады. 

Әлішер үшін карантин шығармашылығына еш кедергі емес. Керісінше қолға алған жобаларын жүзеге асырып жатыр. Тіпті үйде жатып алып желі қолданушыларыны жазған пікірін оқуға уақытым жоқ дейді ол.

«Мен қазір мүлде бос емеспін Жобаларым бар, жоспарларым бар. Ән жазып жатырмын. Ізденіс үстіндемін. Карантиннің басталғанын қанша күн өтті, қанша күн қалды деп санап отырмаймын. Менің жұмысым жалғасып жатыр», — деді ол.

Әнші карантинге қарамастан ән жинағын жариялап үлгерген. Шағын ән жинақта 6 әні жарық көрген. Төтенше жағдайға байланысты Әлішердің наурыз-сәуір айына жоспарланған концерті кейінге шегерілді. Айтуынша, күз айында концертін өткізуе дайындық үстінде. Ал, жеке өмірінде не жаңалық?

«Анам көп айтпайды, бірақ әкем үйлен-үйлен деп күнде айтып жүр. Әкеме айттым, осы карантин бітсе үйленем дедім. Бірақ өзім олай жоспарлап жүрген жоқпын. Мен шығармашылыққа көп көңіл бөліп жүрмін. Алайда егер үйленуге тура келсе, бір аптаның ішінде бәрін ұйымдастырып үйлене салуым мүмкін. 1-2 жылға жоспарлап, созып жүрмеймін», — деді ол. 


«Қазір тек амандасып тұрамыз»: Әлішер Кәрімов өзі құлай сүйген аруы жайлы айтты


stan.kz