Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова

0
0
Advertisement

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Әліпбиді латын графикасына көшіру оқыту әдістемесімен байланысты болғандықтан, ендігі жұмысты білім және ғылым министрлігінің ғалымдары атқарады

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова латын графикасындағы қазақ әліпбиін әзірлеу жөнінде есеп берді. Ол осы саладағы жұмыстар білім және ғылым министрлігіне тапсырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Беделді ғалымдар, қалың жұртшылық пен сарапшылар тарапынан 40-қа жуық әліпби жобасы ұсынылды. Әрбір жоба егжей-тегжейлі зерделенді, авторлармен әлі күнге дейін кеңінен талқыланып жатыр», – деді Райымқұлова онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың пікірі де ескеріледі. Бүгінде әріптердің юникод стандартына сәйкес келетін пернетақта жобалары әзірленді.

«Бұл көп уақытты және қыруар жұмысты талап ететін күрделі процес. Мемлекет басшысы қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеп, оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік берілетінін айтты», – деді Райымқұлова.

Ол министрлік жүргізген жұмыстар айтарлықтай деңгейде жүзеге асқанын, әліпби ауыстыру ісінде әжептәуір ілгерілеушілік болғанын атап өтті.

Латын әліпбиі: ұлттық комиссия бірнеше нұсқаны қарап шықты 

«Алдағы жұмыстар оқыту әдістемесімен байланысты болатындықтан, білім және ғылым министрлігінің институттары мен ғалымдары бірлесіп жалғастырады», – деп түйіндеді Райымқұлова.

Тіл комитеті басқа министрлікке ауыстырылады

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің соңғы отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін оқытудың тиімділігін барынша арттыру үшін тіл саяаты комитетін білім және ғылым министрлігінің қарамағына беруді тапсырған болатын. Президент мемлекеттік тілді оқытуда Еуропа елдерінің тәжірибесін мысалға келтірді.

«Олар тіл үйрету барысында негізінен оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан тіл комитетін 2021 жылдан бастап білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді.

Қазіргі кезде тіл саясаты комитеті мәдениет және спорт министрлігіне қарайды. Осы құрылым латын графикасын енгізумен айналысып жатыр.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз