Әлімханұлы мен Михайлович жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

0

Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен чемпиондық атаққа үміткер жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) арасындағы жекпе-жек өтетін орын мен күні белгілі болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Worldboxingnews ақпаратына сәйкес, қазақстандық 19 қазанда Орландодағы (АҚШ) Caribe Royale Resort аренасында өтетін бокс кеші аясында рингке оралуды жоспарлап отыр.