«Алимент төлеткісі келеді: Алматылық әйел ресейлік күйеуінен 3 жасар ұлын қайтара алмай жүр — Қазақстан жаңалықтары
3 жасар ұлы Арсенийді қайтара алмай жүрген алматылық Дана Амеева Тоқаев пен Путиннен көмек сұрады. Оны бұрынғы күйеуі – Ресей азаматы алып кетіпті. Дананың сөзінше, бұрынғы күйеуі қол көтергендіктен, Калининградтан қашып кеткен. Ресей және Қазақстандағы соттардың шешімі бойынша, бүлдіршін анасымен қалдырылған. Алайда әкесі ұлын алып кетіп, сол күйі байланысқа шықпапты.
Дана Амеева Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннен көмек сұрап хат жазды. Сонымен қатар министрлік пен елшілікке жүгініпті. Ол бұрынғы күйеуі алып кеткен ұлын қайтарып алғысы келеді. Айтуынша, бұрынғы күйеуі оны рұқсат Калининградқа алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.
«Ол әлі кішкентай. Әкесінің әрекеттерінің салдарынан дамуы кешеуілдеп жатыр. Ол өзі сот шешімін орындамастан, мені алимент төлеуге міндеттегісі келеді», — дейді Дана Амеева.
Дана 2015 жылы Ресей азаматы Геннадий Кругялкқа тұрмысқа шыққан. Алайда күйеуі қол көтергендіктен, 2 жылдан кейін ажырасып кетіпті. Ресей және Қазақстанның соттары 3 жасап Арсенийді анасымен қалдыру туралы шешім шығарған. Алайда әкесі сот шешіміне қарамастан, ұлын Калининградқа алып кетіп, оны Ресей азаматы еткен.
Санкт-Петербургтегі Қазақстанның бас елшілігі мәселені өз бақылауына алған.
Ал Дананың бұрынғы күйеуі оқиғаға қатысты өз нұсқасы бар. Айтуынша, әйелі өзін тастап кетіпті. Оған ешкім ұлымен көрісуге тыйым салған жоқ, ал Ресей соты баланы әкесімен қалдырды, дейді ол.
«25 сәуірде оны сот шешімі шықты. Ұлымды менен ешкім алып кете алмайды. Ол өзін өлтірмек болды. Баланы үйде тастап кеткен, бір тәулік үйде болмады. Артынша көлге барып, таблеткалар алып, өзін өлтірмек болған. Мұнан кейін психиатриялық клиникада жатты», — дейді Геннадий Кругляк.
Дана Амеева Алматының кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша сотына жүгінген. Ол күйеуінің ата-ана құқығын тоқтатуына сұрапты. Алайда сот оның талабын қанағаттандырмады. Ендігі Дана Ресей мен Қазақстанның ресми органдары көмектеседі деп үміттенеді.
stan.kz