Әлімбековаға ел жинап берген ақша қайда кетті: Керімбекова жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін Алматы қалалық сотында Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы болуы тиіс еді. Алайда іс белгісіз себеппен ертеңге қалдырылған. Бұл туралы Әлімбекованың өзі айтып берді. Сондай-ақ, ол әріптесі Ақбота Керімбековамен бірге елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Әлімбековаға әншілер жинап берген ақша қайда кетті: Керімбекова жауап берді«Бақыт Назароваға ақша берілді-берілмеді деген әңгіме мүлде айтылып жатқан жоқ. Мен бұл жерде ақпын, сондықтан оған бір тиын беретін ойым жоқ. Оны басынан бастап айтып келе жатырмын. Менің кінәм жоқ. Егер мен ақша берсем, демек мен кінәлі боламын», — дейді Керімбекова. 

Ақбота Керімбекова, продюсер Ерғали Әбдірайымов бастаған өнер иелері банктен шот ашып, сазгердің қарызын қайтару үшін ақша жинауға кірісті. Жиналған 7 миллион теңгені жәбірленуші Бақыт Назароваға тапсырмақ болды. Алайда ол бас тартты. Бұл ретте халық жиналған ақшаның есебін сұрауда. Тіпті, ел арасында 7 миллион теңгені Керімбекова қалтасына басқан деген пікір де қалыптасқан көрінеді. 

«Бізбен дұғада болып, тілеуімді тілеп отырғандарыңыз үшін сіздерге рақмет. Халықтың жинаған ақшасы сол қалпы тұр. Оған ешкім тиіскен жоқ. Ерғали, Ақботаларда тұр. Олар да бір тиын алған жоқ», — деп түсіндірді Гауһар Әлімбекова. 




stan.kz