Алик Шпекбаев «сталиндік әдіс-тәсілдерге» үндейтіндерге жауап берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

51 0 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықтың салдарымен ғана күресіп келген жүйені түбегейлі өзгертті 

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы күрестің өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біз жемқорлықты жоюдың қарапайым әрі түсінікті формуласын анықтап алдық. Біріншіден, ол – тиімді алдын алу шаралары. Жемқорлықтың зиянын жан-жақты түсіндіру, конструктивті әріптестік және нақты қылмыстық-құқықтық шаралар», — деді Шпекбаев агенттіктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, агенттіктің жұмысын түбегейлі өзгертуге тура келген. Себебі бұрынғы жүйе жемқорлықтың салдарымен ғана күресіп келіпті. Ол кезде жазалау шаралары басым болған. Ал бұл жүйені қайтарғысы келетіндер әлі де бар.

«Бұрынғы «сталиндік әдіс-тәсілдерді» жаңғыртуға үндейтіндер әлі күнге дейін бар. Осы орайда «агенттік қорқыту арқылы өз жұмысын жүргізуі керек» деген қате пікірдің бар екенін айта кеткен жөн. Бізді қорқытуға үндейтіндерге америкалық ақын Роберт Фростың бір цитатасымен жауап бергім келеді. «Мен қорқып қалған адамдардан қатты қорқамын» дейді ол. Сондықтан мен бір нәрсені анық білемін. Адал әрі проактивті қоғамды тек конструктивті диалог пен тиімді әріптестіктің негізінде ғана құруға болады», — деп түйіндеді Шпекбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкімнің үстінен іс қозғалды

Агенттік төрағасы арнайы мониторингтік топтардың қоғамдық бақылаудың тиімді тетігі ретінде толығымен қалыптасқанын жеткізді. Мәселен, өткен жылы осы топтар 700 бақылау шарасын өткізді. «Адалдық алаңы» жобасы аясында 75 мыңнан астам ерікті жұмыс істеп жатыр. Ал кәсіби заңгерлердің қатысуымен тегін консультациялар ұйымдастырылды. Ақпараттық штабтар да жемқолықтың зиянын жан-жақты түсіндіріп келеді.



sputniknews.kz